Skip to main content

Инфрақұрылым

Инфрақұрылымды дамытумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын коммерциялық кәсіпорындардың жетістігі тәуекелдерді төмендету және капиталды тиімді пайдалану арқылы активтердің құндылығын сақтауға тәуелді.

Инфрақұрылымды дамыту қазіргі жаһандық экономиканың жоғары тиімді қозғаушы күші болып саналады және көлік, электр станциялары, коммуналдық қызметтер, энергетикалық жүйелер, порттар, терминалдар және әлеуметтік инфрақұрылым үшін жаңа қуаттарды құруға, жөндеуге және ауыстыруға жүздеген миллиард доллар жұмсалады. Үкіметтік ұйымдар жобаларды қаржыландыруда жеке сектордың көмегіне үміттенеді, ал инфрақұрылымның қолданыс кезеңінде салалық нарықтың басқа қатысушылары – құрылыс салушылар, мердігерлер, банктер, аудиторлық және заңгерлік фирмалар маңызды рөл атқарады. 

Инфрақұрылымдық жобаға қатысушылардың әртүрлі ынталандырушы факторлары болуы мүмкін. Олардың міндеттері мен тәуекелдер профильдері жобаның бүкіл қолданыс кезеңі ішінде, тендерден бастап құрылысқа дайындық, құрылыс, пайдалану және жедел басқару кезеңдеріне дейін өзгереді. 

25 жылдан жоғары салалық тәжірибеге ие бола отырып, мамандарымыздың тобы тәуекелдерді басқару және сақтандыру саласындағы шешімдеріңізді қолдау үшін өте қолайлы. Біздің мамандар мемлекеттік сектордың, үлестік инвесторлардың, кредиттік ұйымдардың және құрылыс саласының бар тәуекеліне төзімділіктің әртүрлі деңгейлерінен хабардар. 

Біз қаржыландыру процесінде инфрақұрылымдық бастамалардың тұрақсыздығын төмендететін және жобалардың табыстылығын қамтамасыз ететін стратегиялар мен шешімдерді ұсынамыз. Жоспарлаудың, жобалаудың, құрылыстың және пайдаланудың барлық кезеңдерінде біз жобаларды іске асырудың барлық мерзімі ішінде тәуекелдің өзгеруін ескеретін талдамалық қорытындылар, сондай-ақ тәуекелдерді азайту мен активтерді басқарудың тиімді стратегияларын ұсынамыз. 

Жаһандық мамандарымыздың тобы капиталыңызды тиімді қайта бөле алуыңыз үшін активтердің құнын сақтауға, кіріс арналарының құбылмалылығын азайтуға және тиісті (өзіндік) тәуекелдерді басқаруға көмектесе алады.

Жалпы жиі қойылатын сұрақтар

Инфрақұрылымдық жобаға инвестицияларды белсенді түрде жүзеге асыратын кез келген компания немесе ұйым, сондай-ақ жобаға тартылған барлық басқа негізгі қатысушылар өз мүдделерін тиісті түрде қорғау және жобаның бүкіл қолданыс кезеңі ішінде өз тәуекелдерін басқару үшін сақтандыру мүмкіндігін қарастыруы керек. Жобаның ауқымы мен түрі сақтандыру жөніндегі шарттық талаптарды орындау мүмкіндігін шектеуі ықтимал, сондықтан бастапқы кезеңде сақтандыру және тәуекелдер жөніндегі кеңесшіні шақыру маңызды, ол осы талаптарды келісуге және жобаға байланысты тәуекелдердің ықтимал әсерін барынша төмендетуге мүмкіндік беретін жеке сақтандыру өнімдерін әзірлеуге көмектеседі.  

Сонымен қатар тәуекелдерді төмендету стратегиялары барлық мүдделі тараптарға ықтимал қиындықтарды анықтау және басқару арқылы жобаның өмірлік циклінің әр кезеңінде қолдау көрсетеді. Тәуекелдер жоспарлау және жобалау кезеңдерінде, механикалық-монтаждық құрылыс жұмыстары мен инфрақұрылымды енгізу барысында да туындайды, сондықтан жоба бойынша жұмыстардың жоспарлы және үздіксіз аяқталуын қамтамасыз ету үшін қорғау жүйесін қамтамасыз ету маңызды.   

Сақтандырудың бұл түрі әдетте жоба қатысушыларын инфрақұрылымды дамыту процесінің жиі кездесетін әлсіз жақтарына байланысты тәуекелдерден қорғау үшін ұсынылады. 

Міндетті түрде жалпы азаматтық жауапкершілік тәуекелдерін сақтандыру көзделеді, өйткені инфрақұрылымдық жобалардың көпшілігі өз сипаты бойынша шектеусіз адамдар тобымен тығыз байланыста іске асырылады. Сонымен қатар сақтандыру су тасқыны немесе дауыл сияқты табиғи апаттардан туындағанына немесе мердігерлер не қарапайым азаматтар келтірген залалдың салдарынан туындағанына қарамастан, жоба бойынша физикалық шығындарға байланысты тәуекелдер өтелімін қамтамасыз етеді. 

Жеке көздерден қаржыландыруды тарта отырып орындалатын инфрақұрылымды дамыту жобалары жағдайында сақтандыру өтелімінің полисі жоба бойынша жұмыстардың аяқталуын кешіктіру (физикалық зақымдану нәтижесінде) немесе жобалау бойынша кәсіби қызметтерге байланысты қателіктер мен жіберілген олқылықтар сияқты факторлардың салдарынан туындайтын қаржылық тәуекелді де қамтуы мүмкін. 

Жауын және температураның ауытқуы (ауа райы әсері) жағдайынан сақтандырудан бастап қосалқы мердігерлердің міндеттемелерін орындамауы тәуекелдерін сақтандыруға дейін тәуекелдердің кең ауқымын өтеу үшін инновациялық сақтандыру өнімдері әзірленді. Әрбір жеке жоба бойынша тәуекелдерді бөлуде көптеген айырмашылықтар болғандықтан, сіздің нақты тәуекелдеріңізге ұшырағыштығыңызды бақылау үшін «Marsh» сияқты тәуекелдер жөніндегі кеңесшімен кеңесу маңызды болады.

Ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобалар ұзақ мерзімді перспективада қоғам үшін өте жоғары құндылыққа қарамастан, проблемалық беделге ие. Салық төлеушілер мен жеке инвесторлар, ең соңында логистикалық тізбектегі проблемалар, қолайсыз ауа райы жағдайларының ұзақ кезеңдері, еңбек даулары және негізгі жобалық шешімдерге қатысты қатысушылардың келісілген пікірінің болмауы сияқты күтпеген оқиғаларға байланысты кідірістердің салдарынан көп ақша жоғалтуы мүмкін. 

Қатысушылардың келісілген пікірінің болмауы сияқты осы тәуекелдердің кейбірін алдын ала болжау және оның алдын алу мүмкін болмаса да, бірқатар басқа тәуекелдерді басқару процесін жоспарлау арқылы белгілі бір дәрежеде азайтуға болады. Тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңесшілер инфрақұрылымдық компанияларға өздерінің жалпы сипаттағы проблемалардан қорғану стратегиясын алдын ала әзірлеуге көмектеседі, сондай-ақ мәлімделген наразылықтарды реттеуге және егер олар туындаған болса, осындай проблемалардың салдарын жоюға қолдау көрсете алады.