Skip to main content

Пайдалы қазбаларды өндіру

Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жобалармен (күрделі өмірлік циклдер) жұмыс істеу үшін тәуекелдерді дәстүрлі басқару жеткіліксіз. Барлық 300 маманымыз жобалар бойынша тұрақтылықты арттыратын тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді табыстау бойынша белсенді және тиімді бағдарламаларды ұсынады.

Әлемдік тау-кен өндірісі көптеген проблемаларға тап болуда: шикізат бағасының ауытқуы, қашықтықтан басқару және кеңейтілген жеткізулер, COVID-19 әсері, шығындарды басқару, қаржыландыруға қол жеткізу және жергілікті қоғамдастық пен реттеуші органдардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілігіне қатысты үміттердің артуы. Инвесторлар капиталды көп қажет ететін активтер мен жобалардан тиісті кіріс алу үшін пайдалану талаптарын қатаң сақтауды және капиталды басқару мәселелерінде тәртіпті танытуды талап етеді.

«Marsh» компаниясының пайдалы қазбалар мен минералдарды өндіру саласындағы мамандары үлкен және шағын компанияларға тәуекелдерден аулақ болуға, оларды табыстауға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндірудің бастапқы зерттеулерден бастап шахталардың жабылуына дейінгі бүкіл өмірлік циклінде тәуекелдерді басқаруға көмектеседі. 

Біздің өнеркәсіптегі біліміміз және кеншілерді, мердігерлерді, трейдерлерді және қаржыгерлерді қолдау үшін кеңес беру потенциалымыз бар, жобаларыңыздың және пайдалану жағдайының тәуекел деңгейін өзгерту үшін алдын ала болжап, белсенді шаралар қолданамыз. 

300

маман

US$750m

Нарықта пайдалы қазбаларды өндіру кезінде есептелетін шамамен 750 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі сақтандыру жарналары орналастырылған 

20

Пайдалы қазбаларды өндіруге бағытталған 20 компания

Жиі қойылатын сұрақтар

Сақтандыру бағдарламалары кәсіпорынның өмірлік циклі мен қызметінің барлық кезеңдерінде бір-бірінен ерекшеленеді. Олар әдетте мыналарды қамтиды:

  • материалдық зиянды сақтандыру және операциялық тоқтап қалудан сақтандыру; 
  • бастапқы кезеңде мердігерлердің туындайтын барлық тәуекелдері мен кідірістерін сақтандыру; 
  • үшінші тұлғалардың жауапкершілігін сақтандыру;
  • директорлар мен басшылардың жауапкершілігін сақтандыру;
  • теңіз жүктерін тасымалдаған және сақтаған кезде сақтандыру; 
  • өндірістік жарақаттар өтемақыларын сақтандыру;
  • қауіпсіздіктің бұзылуына байланысты тәуекелдерден сақтандыру (мысалы, саяси тәуекелдерден және саяси зорлық-зомбылықтан, терроризм мен диверсиядан сақтандыру, адам ұрлау, құнын төлеуді талап ету және бопсалау жағдайынан сақтандыру);
  • кибертәуекелдерден сақтандыру;
  • жазатайым оқиғалардан сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Жоғары құбылмалылық жағдайында ұйымдастырушылық тұрақтылық маңызды бола бастайды. Тәуекелдерді басқару шешімдерінің арқасында сіз мыналар туралы ақпаратқа қол жеткізе аласыз:

  • Шолу — компанияңыз жоба және корпоративтік тәуекелдер тұрғысынан пайдаланатын стратегияларды, процедураларды және қорғау шараларын талдау, модельдеу және бағалау.
  • Қайта құрылымдау — тәуекелдерді табыстау бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, тәуекелдерді анықтау және азайту үшін жаңа стратегияларды әзірлеу.
  • Ден қою — компанияңызды залалдар салдарынан немесе ол қиын қаржылық жағдайда болса, қолдау үшін арнайы қызметтер.
  • Қалпына келтіру — инцидент немесе залалдар салдарын басқару. Компанияны мүмкіндігінше тез жұмысқа қайтару.