Marsh компаниясымен серіктес болып, клиенттер мүлікті сақтандырып қана қоймай, бәсекелесу қабілетінің артықшылығына да ие болады. Marsh мамандары мүліктік сақтандырулардың бүкіл ауқымын анықтау үшін клиентпен әрекеттеседі, содан кейін тәуекелдердің алдын алуға, төмендетуге немесе бұрып жіберуге көмектесетін мүліктік сақтандыру бойынша ортақ шешімді ұсынады. Мұндай кешенді тәсіл шығындарды болжап, клиент сұраныстарына сай болатын мүліктік тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Мүліктік тәуекелдерді басқару саласында дүниежүзілік көшбасшы болған Marsh компаниясы техникалық анализді, нарықты шолуларды, сонымен қатар ықтимал мүліктік тәуекелдерді анықтаудың ең жаңа бағдарламалық құралдарын пайдаланады. Marsh компаниясының залалдарды реттеу саласындағы кеңесшілері апаттарды модельдеудің озық құралдарын пайдаланып, халықаралық салалық сарапшылармен бірге тығыз жұмыс істейді.
Marsh компаниясы мамандарының тәжірибесі арқасында клиенттеріміз лимиттер мен шегерімдер бойынша ақылға салынған шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін салыстырмалы және аналитикалық ақпарат алады. Marsh аналитикалық платформасының көмегімен тәуекелдерді басқару бағдарламаларының салыстырмалы анализін жасап, қолданыстағы сақтандыру аясындағы «олқылықтарды» анықтай аламыз. Сонымен қатар, Marsh компаниясының халықаралық кеңселер желісі халықаралық нарыққа қол жеткізе алады және сақтандырушының немесе клиенттің орналасқан жеріне қарамастан белсенді бәсекелестік қалыптастыра алады.