Кибертәуекел енді технологиялық проблема емес. Бүгінгі таңда кибертәуекелдер — бұл ұйымдар мен қауымдастықтардағы белсенді бақылауды қажет ететін, үнемі өзгеріп отыратын және жүйелі құбылыс. Қашықтағы жұмыс істеу көлемінің күрт өсуіне, жеткізілім тізбектерінің өзара байланысына, цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуіне және сыни инфрақұрылымдағы әлсіз тұстарға байланысты ұйымдар бұрынғыдан да осал бола бастады. Табысты қызмет ету үшін ұйымдар қорғауды ғана емес, сонымен бірге олардың тұрақтылығын да дамытуы керек.
Кибертәуекелдер әр салаға әсер етеді. Бүгінгі таңда ірі және шағын бизнес кәсіпорындары кибертәуекелдерді басқарумен айналысады. Кибертәуекелдер мәселесінің әмбебап шешімі жоқ: цифрлық трансформацияның жаңа технологияларының пайда болуымен киберқылмыскерлердің мүмкіндіктері мен қызмет аясы өсіп келеді.
Көптеген ұйымдар киберқауіпсіздікті операциялық немесе технологиялық проблема ретінде қарастырады және жыл сайын оны қамтамасыз ету үшін шешімдерді іздеуге көбірек қаражат жұмсайды. Алайда киберқылмыстардың ауқымы, жиілігі және экономикалық салдары, ол бопсалау, жеткізілім тізбектеріне шабуыл жасау немесе ұйымдардың жұмысындағы үзілістер болсын, өсуін жалғастыруда.
«Marsh» компаниясының киберқауіпсіздік бөлімшесі 25 жылдан астам уақыт бойы әлемдік көшбасшы және киберқауіпсіздік саласындағы сенімді кеңесші болып келеді. Біз клиенттерімізге олардың кибертәуекелдерін талдауға, өлшеуге және бақылауға көмектесетін өз саласындағы ең жақсы мүмкіндіктер мен шешімдерді жасаймыз және ұсынамыз. Біз кеңес беру және сақтандыру технологиялары, оқиғаларды басқару, тәуекелдерді талдау және тұрақтылықты оңтайландыру арқылы ұйымыңыз ұшырайтын кибертәуекелдерге қатысты стратегиялық шешімдерді тиімдірек қабылдауға ықпал етеміз.